Электрвелосипедтерді тіркеу және электрмобильдерге арнайы нөмір беру: Мәжіліс түзетулерді қабылдады

Қазақстанда жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты жаңа түзетулер қабылданды. Олардың ішінде жүргізушісіз көлік құралдарына арналған ережелер де бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс цифрландыру, дербес деректерді қорғау және көлік саласындағы жаңа технологияларға қатысты заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасында шағын мобильді көлік құралдарына қатысты түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, Қазақстанда электрвелосипедтерді міндетті тіркеу талабы енгізіледі.
Айта кетейік, қазір Қазақстанда қозғалтқыш қуаты 250 Вт-тан асатын және ең жоғары жылдамдығы 25 км/сағ-тан жоғары электрлі велосипедтер мопедтерге теңестіріледі. Мұндай көлік құралдарын басқару үшін оларды тіркеу және А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі қажет. Ал аталған көрсеткіштерден төмен болатын көлік құралдары тіркеуге жатпайды.
ОқыңызМұндай электрлі велосипедтердің иелері жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда 7 864 теңгеден 196 600 теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Кейбір жағдайларда әкімшілік қамауға алу және жүргізуші куәлігінен айыру да қарастырылған.
Сонымен қатар билік жүргізушілерді даярлау жүйесіне бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр. Заңнамада "оқу автодромы" деген ұғым пайда болып, ал автомектептер бірыңғай тізілімге енгізіледі.
Соңғы жылдары көп талқыланған көлікті жылытуға қатысты шектеу де қайта қаралды. Алайда ол толық жойылмайды: тұрғын аймақтарда бұл тыйым сақталады.
Бұдан бөлек, электрлі көліктер үшін мемлекеттік нөмірдің жеке түрін енгізу жоспарланып отыр.
ОқыңызЗаң жобасында жүргізушісіз көліктерге, әуе таксилеріне және автоматтандырылған теміржол көлігіне қатысты түзетулер де бар. Қазақстанда мұндай көлік түрлерін пайдалану үшін толыққанды құқықтық база қалыптастыру жоспарлануда.
Заңнамада жаңа ұғымдар да енгізіледі. Олардың қатарында "әуе таксиі", аэротаксидің қону және ұшу алаңдары, сондай-ақ қалалық жерлері ұшқышсыз ұшуларды басқару жүйелері бар.
"Авиациялық техниканы пайдаланушыларға, әзірлеушілерге және өндірушілерге жаңа сертификаттар беру қарастырылған. Бұл eVTOL, әуе таксилері және басқа да жоғары автоматтандырылған әуе кемелерін қауіпсіз пайдалану үшін қажет", – делінген мәжіліс хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда аэротаксилер үшін алты вертипорт салынатыны туралы жазған едік.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты