Қазақстанда аэротаксилер үшін алты вертипорт салынады

Қазақстанда аэротаксилер үшін алты вертипорт салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлік министрлігі мәліметінше, қазір италиялық компания аэротаксилерге арналған арнайы инфрақұрылымның тұжырымдамасы мен дизайнын әзірлеуде.
“2028 жылға дейін барлығы алты вертипорт салу жоспарланған, олар қауіпсіздік, көліктік қолжетімділік және қолданыстағы инфрақұрылыммен интеграциялану талаптарын ескере отырып, стратегиялық маңызы бар қалалық және көліктік тораптарда орналастырылады”, – делінген хабарламада.
ОқыңызСондай-ақ көлік министрлігі аэротакси мен қалалық әуе мобильділігінің құқықтық базасы үшін заңнамаға түзетулер пакетін әзірлеген. Қазір дайындалған өзгерістер келісу кезеңдерінен өтіп, талқылау үдерісінде.
“Аэротакси – электрлі қозғалтқыштармен жұмыс істейтін инновациялық әрі экологиялық таза әуе көлігінің түрі. Әуе кемесі сағатына 200 шақырымға дейін максималды жылдамдықты дамытуға және 200 шақырымға дейінгі қашықтыққа ұшуды орындауға қабілетті, бұл қалалық және өңірлік әуе мобильділігі міндеттерін тиімді шешуді қамтамасыз етеді”, – делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы аэротакси бағасы белгілі болғаны туралы жазған едік. Alatau City компаниясының өкілдері аэротакси қызметінің бағасы премиум санаттағы таксимен шамалас болатынын мәлімдеді.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"