Қазақстанда жаңа түсті автокөлік нөмірлері пайда болады

Қазақстанда жаңа түсті автокөлік нөмірлері пайда болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Қазақстанда электрмобильдерге түсі өзгеше мемлекеттік нөмірлер енгізу бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.
"Өте өзекті мәселе. Ішкі істер министрлігі қолдайды. Электрмобильдер үшін мемлекеттік нөмірдің түсін өзгерту – әлемде кеңінен қолданылатын тәжірибе, әдетте олар жасыл түске боялады. Сондықтан бұл мәселе пысықталды және біз оны қолдаймыз. Заң қабылданғаннан кейін тиісті заңға тәуелді нормативтік актілерді әзірлеп, бекітеміз, содан соң олар ел бойынша енгізіледі", – деді ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов.
Мәжіліс депутаты Арман Қалықовтың айтуынша, электрмобильдер туралы заң күшіне енсе де, электрмобильді қарапайым автокөліктен ажырату кезінде әкімшілік мәселелер пайда болған.
"Жақында мәжіліс электрмобильдер туралы заңды қабылдады. Қазір заң күшіне енді, алайда кейбір әкімшілік мәселелер туындап отыр, өйткені техникалық бақылау құралдары электрмобильді кәдімгі автокөліктен ажырата алмайды. Бұл ақылы автотұрақтарға, қуаттау станцияларына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіруге және басқа да жағдайларға қатысты, мұнда электрмобильді жедел анықтау қажет", – деді депутат Арман Қалықов.
ОқыңызДепутат мәжіліс комитеті электрмобильдерге арналған мемлекеттік нөмірлердің бөлек түсін енгізуді ұсынғанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда енді электрвелосипед жүргізетіндер де жүргізуші куәлігі мен нөмір алуы керек екені туралы жазған едік.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"