Электр энергияның бағасы қымбаттай ма: Министр жауап берді
Елімізде электр энергиясы бағасының өсуі мүмкін бе деген сұраққа энергетика министрі Болат Ақшолақов Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазір тарифтер мәселесін көтеріп жатқан жоқ. Бұған дейін "Тарифті инвестицияға алмастыру" бағдарламасы туралы айтқан болатынмын. Аталған бағдарлама іске қосылған күннің өзінде бір күнде тарифтерге әсер етпейді. Жаңа жылу-жарық электр орталықтарын салу жоспарлануда, олар іске қосылғаннан кейін тарифтерді қайта қарастыруға болады. Бірақ біз бағаны өсіруді жоспарлап жатқан жоқпыз", – деді Болат Ақшолақов эфир барысында.
Айта кетсек, бүгін өткен Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр электр энергиясы тапшылығы мәселесін көтерген еді.
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып