Елдос Сметов пен Ғалия Тынбаева әлем чемпионатын сәтті бастады
Әлем чемпионы Елдос Сметов пен Ғалия Тынбаева Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов пен соңғы Grand Slam турнирінің жеңімпазы Ғалия Тынбаева Абу-Дабидегі әлем чемпионатын сәтті бастады. 60 келіде белдескен Сметов алғашқы айналымда вьетнамдық Дык Дат Чуды ұтса, Тынбаева бразилиялық балуан Аманда Лимадан басым түсті. Енді Елдос екінші айналымда корейлік Ким Вон Джинмен күрессе, Ғалия Абелеганда Мартиниске қарсы шығады.
Мағжан Шамшадиннің бапкері шәкіртінің орнына Елдос Сметовті әлем чемпионатына апаратынына наразы
Айта кетейік, Елдос Сметов пен Ғалия Тынбаева Астанада өткен Grand Slam турнирінде үздіктер қатарынан көрінген еді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"

