Елдегі базарларды сауда орталықтарына айналдыруға тағы бір жарым жыл уақыт беріледі
Сауда және интеграция министрлігі кәсіпкерлерге әмбебап нарықтарды ойын-сауық орталықтарына немесе сауда үйлеріне айналдыруға тағы бір жарым жыл уақыт бермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вице-министр Арман Шаққалиев "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында өткен кеңесте тиісті заң жобасы Мәжілісте қаралып жатқанын айтты. Құжатқа сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін уақыт бар.
Қосымша уақытты палатаның өзі сұрады. Көше дүңгіршектері мен сауда контейнерлерінің қазіргі заманғы сауда нысандарына ауысу мерзімі осы жылдың басында аяқталды.
"Ешкім сіздерді бүгін жабамыз деп жатқан жоқ", – деді вице-министр кәсіпкерлерге.
Республикада базарларды жаңғырту бойынша жол картасы жұмыс істейді. Ол саудагерлерді мемлекеттік қолдау шараларын және жаңғырту барысына мониторинг жүргізу жөніндегі іс-шараларды көздейді.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?