Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Ел мен жердің иесі ретінде Қазақстанда бәріне қазақ жауапты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі парламент палаталарының бірлескен отырысында жастар тәрбиесіндегі негізгі ұстанымды жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Табысымызды еселеп, Тәуелсіздігімізді баянды ете түсу үшін бізге балталаса да бұзылмайтын берік ауызбіршілік керек. Береке-бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай алсақ, мерекелі тірлігімізге төнетін қауіп жоқ», – деді мемлекет басшысы бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында. Президенттің айтуынша, қазіргі аумалы-төкпелі заманда халықтың ауызбірлігі берік болуы қажет. Осы орайда Назарбаев ата-бабаларымыздың екі империяның ортасында өмір сүріп, неше түрлі қияметті бастан кешіргенін де еске алды.

«Мәселе халықтың көптігінде, аздығында емес. Мәселе адамның қуаттылығында, сауаттылығында емес, мәселе – рухани бірлікте. Жан аямай, «не Тәуелсіздік, не өмір жоқ» деген қағидамен өмір сүруіміз керек. Жастарды солай тәрбиелеген жөн. Осы жерде олқылықтар бар. Ел мен жердің иесі ретінде Қазақстандағы жақсы мен жаманның бәріне қазақ жауапты. Осы ұлы жауапкершілікті сезініп, барша ұлыстың ұйытқысы болып, өзгеге өнеге көрсете білейік, ағайын», – деп атап көрсетті Президент.

Тағы оқыңыз:

Елбасы жаңа әлеуметтік бастамаларды жария етті

Қазақ журналисі: Томирис актрисасын “баяғы қазақтар көк көзді болған» дейтін күлкілі концепцияға сай таңдаған

Уағызын ашулықпен айтқанын мойындаған Абдуғаппар Сманов халықтан кешірім сұрады (видео)

Талқылау