Экология министрі Алматыдағы Sulpak ғимаратының алдындағы ағаштарды кесіп тастау мәселесін түсіндірді
Алматыдағы ағаштарды кесіп тастау дерегіне қатысты экология министрі Мағзұм Мырзағалиев пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол қазір бүкіл ел бойынша атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту бойынша көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқанын, Экокод қабылданып жатқандығын, Президент 2 миллиардтан астам ағаш отырғызу туралы ауқымды міндет қойғанын атап өтті.
Министр биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен заңнамаға ағаштарды кескені үшін жазаны қатаңдату туралы түзетулер енгізілгенін еске салды.
Мағзұм Мырзағалиев барлық азаматтарды еліміздің табиғи байлықтарын күтуге шақырды.
"Бір үлкен ағашты өсіру үшін ондаған жылдар қажет. Біздің болашағымыздың қандай болатындығы бізге байланысты, оның ішінде біздің жалпы экологиялық мәдениет деңгейіне де байланысты", - деп қорытындылады министр.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды