Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда өрт сөндірушілер екі баланы өрттен құтқарып қалды

Екібастұздық өрт сөндірушілер өрт шыққан үйден екі баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы үш бөлмелі пәтердің жиһаздары мен пластик терезелері, жалпы алаңы 18 шаршы метрді құрайтын тұрмыстық заттар өртенді.

Барлау барысында №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Дархан Түсіпов бесінші қабаттағы пәтерден 2013 жылы туған ұл баланы алып шықты. Ал оның әріптесі Ерболат Төлеутаев 2014 жылы туған қызды құтқарып қалған.


"Әскердегі інім ай сайын 3-4 рет хабарласып, ақша сұрайды": Cтуденттер мен жас әкелерді әскерге не үшін алып кетіп жатыр? 


“Екібастұз қаласының өрт сөндірушілері өртеніп жатқан үйдің бесінші қабатынан ұл мен қызды алып шықты, ” – деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер төрт адамды эвакуациялады, оның ішінде бір бала бар. Құтқарушылар келгенге дейін жеті адам, оның ішінде бір бала баспалдақ арқылы өз бетімен эвакуацияланды.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 14 адамы төрт техника, "102", "103" қызметінің мамандары жұмылдырылды. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

 

Талқылау