Екі басы бар нәресте дүниеге келді
Мьянмада екі басы бар бала дүниеге келді. Бұл туралы Нейпьидодағы аурухана басшысы У Тун Тун мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жаңа туған нәрестенің денсаулығы жақсы, артық басын қоспағанда. Мен алғаш рет екі басы бар баланы көрдім. Бала ерекше болғандықтан, мен оған ерекше күтім қажет деп ойлап, оны елордалық балалар ауруханасына ауыстыруды бұйырдым", — деді бас дәрігер.
29 жастағы Санда Миин медициналық мекемеге жүктіліктің сегізінші айында толғақ басталғаннан кейін түскен. Оған кесарь тілігі жасалды, өйткені бастардың бірін босану жолынан өткізе алмады. Бала отбасындағы екінші бала болды.
Сәбидің салмағы 2,5 келі, оның жалпы бір ағзасы бар, барлығы қалыпты жұмыс істейді. Қазір нәресте реанимацияда.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі