Екі баласы мен әйелін тастап кеткен: Украиналық босқынды панасына алған азамат онымен бірге үйінен кетіп қалған
Британдық Тони Гарнетт Львовтан келген украиндық босқынды өз үйіне шақырып, он күннен кейін әйелінен кетіп қалған. Бұл туралы The Sun жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
29 жастағы ер адам Ұлыбританияның босқындар министрлігінің "Украина үшін үй" атты арнайы бағдарламасына қосылып, 22 жастағы украиналық София Каркадымды қарамағына алған.
Соғыс басталып жатқанда IT менеджер София Берлинге кетіп, онда британдық визасын алу үшін бірнеше апта күткен. Мамыр айының басында ол Манчестерге ұшып, Батыс Йорктегі Тони Гарнетт пен оның әйелі Лорнаның үйіне қоныстанды.
Львов қаласынан келген Софияға 29 жастағы ер адам үйден орын тауып беру үшін алты жасар қызын өз бөлмесінен екі қабатты төсегі бар үш жасар сіңлісінің бөлмесіне ауыстырған. Осылайша, жаңа тұрғын Тонидің әйелі тарапынан сұрақтар мен наразылық тудырған.
Соғыс басталған кезде Львовтан қашып кеткен София қазір Ұлыбританияда Тонимен бірге өзін "қауіпсіз" сезінетінін айтады.
Тони және бұрынғы әйелі Лорна
"Біз келтірген азап үшін кешірім сұраймыз, бірақ мен Софиямен ешқашан болмаған байланысты сезіндім. Адамдар мұны өте тез болып кетті деп ойлайтынын білемін, бірақ София екеуміз бұл дұрыс шешім екенін білеміз. Оның бәрі менің дұрыс нәрсені істеуге және мұқтаж ер немесе әйелге пана беруге деген қарапайым тілегімнен басталды. Бірақ менің өміріме София енді және мен бұл үшін әрқашан ризамын", – деді Тони.
- 25 жастағы бойжеткен танысқандарына бір ай өткен соң 71 жастағы қарияға тұрмысқа шықты
- Әйел екі жыл бұрын қайтыс болған күйеуінен бала көтерді
Ресейдің Украинаға басып кіруі күшейген кезде Тони үкіметтің босқындарды орналастыру жүйесіне жазылған.
Ол көмек көрсету үшін әлеуметтік желілерге жүгінген еді.
NHS денсаулық орталығында жұмыс істейтін Тони Facebook желісінде Софиямен танысып, Ұлыбританияда оған демеуші болуды ұсынды.
"Мен словак тілінде аздап сөйлей аламын, оның украин тілінен айырмашылығы жоқ, сондықтан Софиямен оның тілінде сөйлесе алдым. Лорна не туралы сөйлесетінімізді білмеді. София екеуміз әңгіме-дүкен құрып, ішімдік ішіп, украин тіліндегі субтитрлері бар бағдарламалар көретінбіз. Біз жақсы тіл табысып кеттік, бірақ ол кезде жағдай қазіргідей емес еді, сондықтан Лорнаның неге қызғанып, неге ренжігенін түсінемін.
Бір күні Лорна украиналық әйелге жаңа пәтер іздеуін талап еткен. Бірақ Софиямен бірге Тони де сөмкелерін жинап, үйден кетіп қалған.
Украиналық босқын ер адамды көргеннен соң бірден ұнатып қалғанын айтады.
"Көрген бойда маған ұнады. Бұл өте жылдам болды, бірақ бұл біздің махаббат хикаямыз. Адамдар мен туралы жаман ойлайтынын білемін, бірақ өмірде солай болады. Мен Тонидің қаншалықты бақытсыз екенін көрдім”, – деді ол.
"Мен арамызда бірдеңе болып жатқанын және Софияның дәл соны сезінгенін ұқтым, екеуміз де тоқтай алмадық. Біз спортзалға барып, әңгімелесіп, күліп, қалаға қарап көлік ішінде отырдық.
Үйде мен бір-бірімізге жақындау үшін сылтау іздейтінмін.Түнде келсем, София маған тамақ әзірлеп қойыпты. Ол маған “Лорнаның сенімен жолы болыпты” деді.
"Мен Лорнаның уайымдап жатқанына мұңлымын, бұл оның кінәсі емес және ол қандай да бір қателік жібергеніне байланысты емес. Мұны жоспарлаған жоқпын, ешкімге зиян тигізгіміз келмеді”, – дейді Тони.
Белгілі болғандай, Тони Гарнетт пен Лорна 10 жылдан астам уақыт бірге болып, екі бала тәрбиелеп өсірді. Қазір әйел әбден күйзеліске ұшыраған, ал Тони оның шешімі өте дұрыс екенін және украиналық ғашығымен жаңа өмір бастайтынын айтады.
Ерлі-зайыптылар Тонидің ата-анасының үйіне көшкен, қазір Лондоннан лайықты пәтер іздеп жатыр. София тұрақты түрде тұру үшін британдық виза алуды жоспарлап отыр.
Енді украиналық ару Instagram желісіндегі профилін жабық етіп, парақшасының сипаттамасына: "Бақыт деген оны бөлісетін адамыңның болуы", – деп жазды.
Лорнаның құрбысы әйелдің күйзеліске түскенін айтады.
"Ол Тонимен он жыл бірге болды және он күнде оның отбасының шырқы бұзылды”, – деді ол.