Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз өлердей ғашық едік, мен оны әскерден келгенше күттім": Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі алғаш рет сұхбат берді

Тұрсын Алагөзовтың бұрынғы жары Ляйсира Марат алғаш рет сұхбат берді. Ол жасөспірім шағынан бастап бүгінгі күнгі жетістіктері жайлы айтты. Тұрсын Алагөзовпен қайда танысқанын, арадағы махаббат пен опасыздық жайлы ашық айтты. 

Бұл туралы "Шынайы өмір" бағдаралмасында айтылды.

Ляйсира Мараттың ұлты - татар. Қазір 51 жаста. Бизнес леди. Өзін қамқор әрі қатал анамын деп таныстырды. Бүгінде жеке бизнесі бар. YPO мүшесі. Бірнеше отандық брендтің авторы. 

"Мен нағыз татар отбасынан шыққан қызбын. Тәрбием де нағыз шығыс әйелдеріне тән. Қарапайым татар отбасымыз. Әкем, анам, бауырларым жанымда. Бір ұл, екі қызым бар", - деді ол. 

Айтуынша 14 жасынан бастап қара жұмыс істеген. Студент шағында Тұрсын Алагөзовпен танысып, оны әскерден келгенше күткен. 

"Тұрсынмен 30 жылдан бері таныспын. Студент шақта танысып, бір жылдай кездесіп жүрдік. Ол әскерге кетті. Мен оны әскерге шығарып салдым. Хат жазысып жүрдік. Менің басқа жігіттермен сөйлеспеуімнің, ешкіммен кездеспеуімнің себебі Тұрсынды әскерден күтуім еді. Одан бөлек еден жудым. Оқудан кете сала кешке жұмысқа баратын болған соң ешқайда қыдырмайтынмын. Кездесуе шықпайтынмын. Мен Тұрсынға ғашық болдым. Ол да мені сүйді. 19 жаста адам есепсіз жақсы көреді ғой. Ол әскерден келген соң біраз кездестік те үйлендік. Бұл кездерде КазҰУ-де заңгерлік мамандықта оқып жүрдім. Мен курстағы ең әдемі қыз едім. Маған ғашық жігіттер көп болды. Бірақ мен ешкіммен кездесіп, көрген емеспін. Оған уақыт та болмады. Тұрсын да, мен де ең алғаш рет сүйісудің не екенін, сүюдің не екенін бірге көрген жандармыз", - деді Ляйсира.

Ол екі баласының да махаббаттан туғанын айтады. Алайда 90-жылдары өмір сүру қиын болғандықтан жолдасы үнемі түзде жүріпті. 

"Қазіргі жігіттер секілді Тұрсын мені перзентханадан шығарып алуға, қандай да бір тосынсыйлар жасауға дайын болған жоқ. Ол кезде ер адам жұмыста болатын. Оған әйелдер ренжімейтін. Отбасын асырау керек болды. Екеумізде жеке өмір туралы әңгіме болған емес. Тек бизнес, балалар туралы тақырып болды. Ол үнемі өзін жақсы көргенді, өзін мақтағанды қалайтын. Мен соңғы екі-үш жылда оған көңіл бөлмейтін болдым. Қайда жүр, не істеп жүр, кіммен жүр деген уайым болмайтын. Егер жеке өмір, сезім туралы айта бастасам, "мен сені жақсы көрем" деп тек сыйлығын ұсынып, солай тақырып жабылып қалатын", - деді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр