Екеуі татуласты: Қайрат Нұртас Жұлдызға 100 раушан гүлімен келді (видео)
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз татуласты. Дәл осындай ақпарат желіде тез тарады. Әлеуметтік желіде әншінің жарына 100 раушан гүлін сыйлап, құрмет көрсеткен сәті жария болды. Жұлдызды жұп отбасылық қуанышта бірге бой көрсетті.
Бұған дейін Қайрат пен Жұлдыздың ажырасқаны туралы ақпарат тараған еді. Оны әншінің анасы да растады. Желі қолданушылары олардың ажырасу себебін сұрап, сан сауалдар қойды. Ал жақында Қайрат Нұртас жары Жұлдыздың театрдағы қойылымына 100 раушан гүлімен келді. Бұл сәт көптің талқысына түсті.
Жұлдыз Әбдікәрімова “Махаббат мұнарасы” атты қойылымда басты рөлді сомдап шықты. Қойылымға жолдасы Қайрат та көрермен болды.
Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова Түркістан қаласындағы музыкалық драма театрында актриса.
“Түркістан халқына, театрына, ұжымына рақмет! Бізге ақ жол, келесі кездескенше. Бүгін театр күні. Бұл өнерді Ғабит Мүсірепов бір ғана сөзбен тамаша жеткізген: “Театр - хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер”. Театр ұжымын және барша театрды атаулы мерекесімен құттықтаймын. Кеше қойылымды көрген көрермен, сіздерге ұнады ма, қандай әсер алдыңыздар, жаза отырыңыздар”, – деп жазды Жұлдыз.
Желі қолданушылары тілектестік білдірді.
“Бақытты болуға лайықсыңдар”, “Балаларының анасы, сүйіп қосылған жары ғой, Жұлдыз лайықты адам”, “Аллам жастарды қайта қауыштыруға жазсын”, “Қазір тойда бірге жүр, қосылды екеуі”, “Жұлдыз керемет ана, керемет жарсыз, сіз өте ақылдысыз”, “Бақыт тілеймін, қосылса екен”, “Ажыраспаған да шығар, жай ғана хайп қой” – деп жазды желідегілер.