Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұрсынбектің қайын жұрты өнер көрсетті": Мөлдір Мұқанова туған күнін дүркіретіп атап өтті (видео)

Мөлдір Мұқанова туған күнін дүркіретіп атап өтті. Қуанышқа оның ағайын-туыс, жақындары, дос-жарандары мен өнер адамдары бас қосты. 

Мөлдір Мұқанова туған күнінде туған бауыр-әпкелерімен бірге ән салды. 

“Мұқановтардың музыкалық отбасы. Ағайындар – осындай таланттар. Торғай қаласынан. Тұрсынбек неге сонша көңілді десек, мынадай қайын жұртпен бірге көңілді болмау мүмкін емес екен ғой”, – деді Айгүл Мүкей.

“Мөлдірдей ерекше жанға тек бақыт пен қуаныш тілеймін!!! Туған күніңмен, әппақ Мөлдір”, – деп жазды Маржан Арапбаева.

“Аппақ кешінен әдемі сурет. Туған күн құтты болсын, шексіз мөлдір махаббат тіледім”, – деді Зарина Омарова.

“Жаңа жас құтты болсын! Бүгінгі кеш керемет болайын деп тұр”, – деп жазды Жарқын стилист. 

“Наурыз мейрамы біздің әулетімізде 21 наурыз күні туған Мөлдірді құттықтаудан басталады. Жаңашыл, жанашыр КӨКТЕМ қыз Мөлдірімізді бәріміз қатты жақсы көреміз”, – деп жазды жақындары.

Желі қолданушылары ақ тілегін арнап жатыр.

“Бақытты болыңыз”, “Аппақ туған күн”, “Ақ көңіліңіз қабыл болсын”, “Өнерлі отбасы ғой”, “Тұрсынбек неге көрінбейді?”, “Әншілердің бәрі келмеген”, “Деніңіз сау болсын, сүйкімдісіз”, – деп жазды олар.

Әзілкештің жары туған күнін дүркіретіп атап өтті. Жиылған көпшілік ақ тілегін арнап, көңіл көтерді. Думанды кеште Тұрсынбек Қабатов өнер өкілдерімен флешмоб билеп, көптің көңілін көтерді. 


Талқылау