Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Менің жүрегім кешірімді ғой, өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?

Қайрат Нұртас желіде екіұшты жазба жариялап, елді елең еткізді. Соңғы кезде көпшіліктің бақылауында жүрген әнші желіде белсенді. Бұл жолы ән жолдарын жазып қалдырды. 

Әнші басына іс түскенін айтып, көпті елең еткізіп қойған еді. Алланың сынақ бергенін айтып, оған шүкіршілік етті. Енді өз сезімі жайында сыр шерткендей. Әнші әннен үзінді жариялады. 

“Менің жүрегім кешірімді ғой, өз жүрегіңнен ұялмайсың ба? Жақсы ән екен”, – деп жазды Қайрат. 

Желі оқырмандары бұл жазба әншінің көңіл күйін білдіреді деп пайымдады. 

“Жаным сол”, – деді Алтынай Жорабаева.

“Менің де жүрегім кешірімді, бірақ қатып қалған жүректер көп екен ғой”, “Жұлдызға қатысты  айтып тұр ғой”, “Жұлдыз көрінсе айдың жанынан, есіміңді оқып өлердей болам”, “Құдай да шебер ұмытпасын деп, аспанға жазып қойған атыңды деп жалғаспай ма?”, “Жұлдыз жайлы айтылып тұр ғой”, “Сіздердің екі жақта жүргендеріңіз рас па?”, “Жұлдыз аздап тәкаппар секілді”, “Олардың отбасында не барын білмейміз ғой, кінә екі жақтан да болады”, “Бірге болыңыздар, сіздер жақсы жұпсыздар” – деп жазды көпшілік. 


Талқылау