Димаш Құдайберген Дубайда әжелерімен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті
Димаш Құдайберген Дубайда EMIGALA Fashion Awards салтанатты іс-шарасына қатысып, әжелерімен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
EMIGALA Fashion Awards премиясы Дубайдағы ірі "Бурдж эль-Араб" қонақ үйінде өткен. Іс-шараға қазақстандық Димаш Құдайберген жақындарымен бірге қатысты. Ол екі әжесімен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті.
Сондай-ақ, Дубайға әншінің қарындасы Раушан мен інісі Мансұрдың барғаны анықталды.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген бүгін, 25 наурыз күні Дубайдың Coca-Cola аренасында ән кешін өткізеді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен
