AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ән айтып тұрған Айгүл Иманбаеваның шашын бейтаныс ер адам әдейі жұлып алды (видео)

Айгүл Иманбаеваның шашын бейтаныс азамат әдейі жұлып алды. Ән айтып тұрған әнші ыңғайсыз жағдайға тап болды. Ер адамның әрекетін әркім әртүрлі болжады. 

Ән айтып тұрған сәтте әншінің шашын артында тұрған ер адам әдейі тартап қалды. Ол әншінің бір тал шашын әдейі жұлғаны анық көрінеді. Алайда әнші мұны кім істегенін білмей дал болды. Оқиға видеоға түсіп қалған. 

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева Шымкент қаласында Наурыз мейрамына орай ашық алаңда өнер көрсеткен еді. Оқиға сәтінің үзіндісі әншінің фан-клубында жарияланды.

“Достар, күні кеше Шымкент қаласының алаңында, Наурыз мейрамын осылай, арқа-жарқа болып қарсы алдық! Менің оқырмандарымның арасында шымкенттіктер қаншалықты көп екен, қолдарыңызды бір көтеріп, қошемет көрсетіп қойыңыздаршы!”, – деп жазды әнші желіде.

Желі қолданушылары бейтаныс азаматтың әрекетін әртүрлі болжады.

“Мына кісінің әрекеті жай ма?”, “Үп-үлкен адам ғой”, “Жай ғана қызығып тұрған шығар”, “Қатты тартып жұлғаны көрініп тұр ғой”, “Мен аса ешнәрсе байқап тұрған жоқпын”, “Адамдар дуа жасайтын кезде шаш сұраушы еді”, Неше түрлі адам бар, неше түрлі оқырман бар”, “Айгүл ханым әрі қарай әнін айта берді, ешнәрсе байқатпады”, “Ол кісі мұндайдың талайын көрген шығар”, – деп жазды желідегілер. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр