Дзюдодан әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын балуандар анықталды
Жасөспірімдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дзюдодан Қазақстан жаcөспірімдер құрамасы Тәжікстанның Душанбе қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады. Байрақты бәсекеде өнер көрсететін жас дзюдошыларымыз анықталып, Қазақстан құрамасы жасақталды. Назарларыңызға әлемдік турнирде ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ұсынамыз:
60 келі:
Орынбасар Талғат
Каргулов Алдияр
66 келі:
Жұбатқанов Ақылжан
Альжанов Мағжан
73 келі:
Алмат Әділет
81 келі:
Күмісбай Азат
Балғабай Досбол
90 келі:
Биржанов Аскар
+100 келі:
Нұртілепұлы Жантілек
Айта кетейік, бұған дейін дзюдошыларымыздың Загребтегі Гран-при турнирді екі алтынмен аяқтағанын жазған едік.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"

