Джек Маның Alibaba холдингі алты компанияға бөлінді
Қытайлық Alibaba холдингінің акциялары компанияны алтыға бөлу туралы шешім қабылдағаннан кейін 15 %-ға қымбаттады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews сайтына сілтеме жасап.

Alibaba Cloud Intelligence бұлттық қызметтерімен, Taobao Tmall Қытайдағы онлайн-саудамен, International Digital Commerce халықаралық онлайн-саудамен, Local life азық-түлік жеткізумен, Cainiao логистикамен және Dawen Entertainment цифрлық медиа және ойын-сауықпен айналысады.
Жаңа компаниялардың әрқайсысының өз басшылығы мен директорлар кеңесі болады, ал операцияларды қаржыландыру толығымен тәуелсіз болмақ.
Технологиялық холдингтің бөлінуі нарықтағы өзгерістерге және жаңа кәсіпорындардың құнын арттыруға бағытталған. Болашақта жаңа компаниялар капиталды жеке-жеке арттыру үшін IPO-ны өткізуге ниетті.
Alibaba тобын 1999 жылы қытайлық миллиардер Джек Ма құрды. 2022 жылы Alibaba Қытайдағы екінші қымбат бренд болды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"