Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джефф Безостың бұрынғы әйелі төрт айдың ішінде қайырымдылыққа 4 млрд доллардан астам қаражат жұмсады

Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безостың бұрынғы әйелі Маккензи Скотт соңғы төрт айда қайырымдылыққа 4,2 миллиард доллар бөлді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның қайырымдылыққа бөлген ақшасын пандемия кезінде америкалықтарға көмектесетін ұйымдар, соның ішінде азық-түлік банктері немесе төтенше көмек қорлары алады.

"Пандемия күнін әрең көріп жүрген америкалықтарға жойқын соққы болды. Экономикалық және медициналық зардаптар әсіресе әйелдер, саны аз ұлттар мен кедейлер үшін қиынға соқты. Осы уақытта миллиардерлердің байлығы артты", - деп жазды ол блогында

Маккензи Скоттың Безоспен ажырасқаннан кейін алған Amazon акцияларының 25%-ы биыл 23,6 млрд долларға өсіп, 60,7 млрд долларға жетті. Коронавирус экономиканың көптеген салаларында құлдыратқанымен, интернет-сауданың шарықтауына мүмкіндік жасады.

Айта кетейік, Маккензи Безоспен ажырасқаннан кейін әлемдегі ең бай адамдардың қатарына қосылды. 50 жастағы жазушы және қоғам белсендісі миллиардерлердің жалпы тізімінде 18-ші орында. Бұл тізімде оның бұрынғы күйеуі көш бастап тұр.

Осы жылдың шілдесінде Скотт пандемиядан зардап шеккен отандастарына 1,7 миллиард доллар бөлді.

Қайырымдылық саласындағы сарапшыларды сома мөлшері де, Маккензи Скотт пен оның көмекшілері жасаған алдын ала жұмыстар да таң қалдырады. 6,5 мыңға жуық америкалық қайырымдылық қорлар ішінен олар алдымен 116-сын, содан кейін тағы 380-ін мұқият таңдады.

Скоттың сөзіне қарағанда, адамдардың нақты қажеттіліктері мен ұйымдардың тиімділігі туралы жүздеген сұхбат жүргізіліп, мыңдаған құжаттар талданған.

"Тамақтану проблемалары, нәсілдік теңсіздік, кедейлік және қайырымдылық капиталға қол жетімділіктің жеткіліксіздігінен зардап шегетін адамдар тобымен жұмыс істейтіндерге" артықшылық берілді.

Былтыр Маккензи Скотт байлығының кем дегенде жартысын қайырымдылық қорларына беру туралы моральдық міндеттеме - "Сыйға тарту антына" қол қойды.

"Менің ақшам тым көп және оны бөліскім келеді", - деп жазды сол кезде Скотт.

Талқылау