Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дональд Трамптың ерекше шаш үлгісінің сыры ашылды

АҚШ президенті Дональд Трамптың ерекше шаш үлгісі – шаш алмастыру процедурасының нәтижесі. Бұл туралы Трамптың қызы Иванкаға сілтеме жасап журналист Майкл Вулф өзінің кітабында баяндады.

АҚШ президентінің өзгеше шаш үлгісі жайында The New York Post басылымы жазды.

«Трамптың қызы бұл сұраққа техникалық тұрғыдан жауап беретін. Шаш ауыстыру отасынан кейін таз болып қалған орынға алдыңғы және шет жақтағы шаш қойылды. Яғни шаш дәл бастың ортасында түйісетіндей етіп жасаған. Одан кейін артқа қайтара тарап, гельмен қатырып қойған”, – дейді журналист.

“Ал шашының түсіне келсек, Трамптың қызы бұл жайында күлкілі хикаяны баяндайды. Оның себебі Just for Men затында. Оны шашта неғұрлым ұзақ ұстасаң, шаштың түсі қарайланады. Трамп шыдамсыз болғандықтан, осындай сарғылт блонд түсі шығады”, – деп түсіндірді автор.

 

Жіберіп алмаңыз:

Голливуд жұлдызы өз құрбысына тұрмысқа шықты

Америкалық 9 жасар бала ұрыны ойыншық мылтықпен қорқытты

Сот жігітті тәрбиелеп, оқытқаны үшін анасына 1 млн доллар төлеуін міндеттеді

Жаңа зеландиялықтар ішімдік ішуге салынған тыйым үшін құмнан арал жасап алды (фото)

Талқылау