Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот жігітті тәрбиелеп, оқытқаны үшін анасына 1 млн доллар төлеуін міндеттеді

Тайвань Жоғарғы соты жігіттің анасына 1 млн доллар төлеуін талап етті. Себебі, анасы баласын тәрбиелеп, тіс дәрігері мамандығына оқытты. Бұл туралы BBC хабарлады.

1997 жылы ұлы 20 жасында болғанда анасымен келісімшартқа отырды. Онда жігіт оқу бітіргеннен кейін жалақысының 60 пайызын анасына төлеп отыруы керек екені жазылған.

Бірнеше жылдан кейін ұлы бұл келісімшарттан бас тартқаннан кейін анасы оны сотқа береді.

Баласы сотта, ананың берген тәрбиесі үшін ақы төлеуді талап ету дұрыс емес екенін айтты. Бірақ сот келісімшартта көрсетілгендіктен, оның заңды күші барын және оны орынтауды міндеттеді.

Аталған іс бойынша шағымданған “Ло” есімді әйел күйеуі қайыс болғаннан кейін 2 ұлын жалғыз өсірген.

Сотта ол ұлдарының оқуына 100 мың доллар қаржы жұмсағанын және оның жасы келгенде ұлдары қамқор болмай қалатынына алаңдайтынын айтты.

Ол екі ұлымен де келісімшартқа отырған. Онда ұлдарының оқуына және олардың жүріп-тұруына жұмсалған ақшаны өтемақы ретіде төлеуін талап етті. Өтемақы көлемі 1 млн 700 мың долларды құрады.

Жергілікті басылымның хабарлауынша, үлкен ұлы көрсетілген қаржыдан аз сомаға келіскенін айтты. Ал кіші ұлі келісімшартқа қол қойғанда кішкентай болғанын алға тартты.

Және олардың айтуынша, оқу бітіргеннен кейін де бірнеше жыл тіс клиникасында жұмыс істеп, анасына көмектескен. Ол көрсетілген сомадан да көп қаржы жұмсағанын айтты.

Жоғары сот өкілдері жігіттердің ақталуына ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Істі зерттеген журналистің айтуынша, Тайваньның азаматтық кодексіне сәйкес, ересек бала егде жасқа келген ата-анасын қамқорына алуға міндетті. Бірақ көптеген ата-ана балаларының опасыздығы үшін сотқа шағымданбайды.

Тағы оқыңыз:

11 жасында далада қалған алматылық қалай табысты кәсіпкерге айналды

Биыл еліміздің он екі аймағында коммуналдық қызмет бағасы өседі

Жаңа жылдан бастап Қазақстанның төрт облысында газ қымбаттады

Қарағандылық кәсіпкер далада қалған отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады (фото)

Талқылау