Доллар бағамы ұзақ уақыт сақталған 400 теңге белгіленімнен төмен түсті
Доллар бағамы наурыздың ортасынан бастап алғаш рет KASE -де 400 теңгеден төмендеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі биржаның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша KASE-дегі доллар бағамы 396,77 теңгені құрады.
Бұл кешегі кешкі сессияға қарағанда 5,5 теңгеге аз: ол кезде америкалық валюта 402,27 теңгеден сатылды.
Мұндай көрсеткіш Қазақстанда соңғы рет наурызда байқалғанын атап өткен жөн.
Kurs.kz деректер бойынша, Алматы қаласының айырбастау орындарында доллар 399-404 теңгеден сатылып, 395-400 теңгеден сатып алынады.
Нұр-Сұлтанда доллар 399-403 теңге тұрады. Ал америкалық валютаны 396-398 теңгеден сатып алуға болады.
Айта кетейік, 3 маусымдағы доллардың ресми бағамы 402,37 теңгені құрады.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған