Динара Сәтжан жолдасымен некесін қиды
Танымал продюсер, тележурналист Динара Сәтжан жолдасымен бірге мешітте некесін қиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/dinarasatzhan/
Тележурналист жеке парақшасында некелесу сәтінің фотосын жариялады. Суреттен ресми неке куәлігі және мұсылманша неке куәлігін көруге болады.
Әріптестері су жаңа қалыңдыққа бақыт тілеп, тілектерін жаудырып жатыр.
“Махаббатым менің! Жақсы көремін”, – деп жазды журналист.
Еске салсақ, бұған дейін біз белгілі тележүргізуші, блогер Динара Сәтжан желідегі парақшасына ауылдан видео жариялап, елді қызықтырып қойғанын жазған едік. Желі қолданушылары Динараны сарыағаштық азаматқа тұрмысқа шықты деп болжаған.
Одан кейін, белгілі дизайнер Наиль Байкучуков жеке парақшасында Динара Сәтжанға той көйлегін тігіп жатқанын және тігу барысында бірқатар қиындыққа тап болғанын жазған еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды