Димаш Ресейдің намысын Еуровидениеде қорғайды ма
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Еуровидение байқауына Ресейдің атынан шықпайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әншінің "ДимашАли" өнер орталығының ресми өкілі Назым Жанғазина өзінің Facebook парақшасында жариялады.
"Әлеуметтік желілерде Димаш Еуровидение байқауына қатысады деген сыбыс тарауда. Ақпаратқа сәйкес, ол ән байқауына тіркеліп, қатысушылардың тізіміне еніпті. Өнерпаздың ресми өкілі ретінде бұл мәліметті жоққа шығарамын. Димаш Ресей атынан "Еуровидениеге" қатыспайды. Қазір ол Ресейде және Еуропада болатын концерттерге дайындалып жатыр", - деді Назым Жанғазина.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады