Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш әлемдегі аштықта қалған балаларға көмектеспек

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа науқан басталғанын жариялады: әнші бүкіл әлемдегі аштықта қалған балаларға көмектеспек. 

Әнші дизайнер Майкл Корспен бірге әлемдегі аштықта қалған балалар проблемасымен күреседі.

«Мен Дүниежүзілік Азық-түлік Бағдарламасымен (WFP) бірге #FoodIsLove бастамасын қолдайтындығыма қуаныштымын. Олардың миссиясы әлемдегі балаларды тамақтандыру арқылы аштықты толығымен тоқтату. Әсіресе, пандемия кезінде осындай жақсылық жасауға дайынмын», - деп жазды Құдайберген.

Видеода Димаш ақ түсті футболка киіп тұр. Оның сол жағында жүрекше бейнесінде Love деп жазылған. 

Атақты дизайнердің футболкалары сатылымда болады. Футболкалардан түскен барлық қаражат WFP-ді қолдауға жіберіледі.

«Майкл Корс тегімен #WatchHungerStop футболкасының суретін жариялау арқылы маған қолдау көрсетіңіз. Michael Kors туралы әр пост пен сториз үшін БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік Бағдарламасына түскі астан 50 тамақ бөледі», - деп Димаш оқырмандарға түсіндірді.       

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP немесе World Food Programme (WFP)) - әлемдегі ең ірі гуманитарлық ұйым, ол мұқтаж жандарға жыл сайын шамамен 4 миллион тонна азық-түлік береді.



Майкл Корс - әлемге әйгілі сәнді аксессуарлар мен киім дизайнері. 1981 жылы құрылған. Қазіргі уақытта Michael Kors Collection, MICHAEL Michael Kors және Michael Kors Men’s ерлердің брендімен бірқатар өнімдер шығарады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр