Димаштың досы: Димашқа мені жамандағандар болды, сол себепті қазір араласпай қалдық

Әлемге танымал жұлдыз, әнші Димаш Құдайберген мен досы Алпамыстың қазіргі қарым-қатынасы қандай? Бірге жүрген достардың арасы неге суып кетті? Арада қандай жанжал болды? Бұл туралы Алпамыс Шаримовтің өзі айтып берді. 

Бұл туралы Алпамыс Нұрсұлтан Құрманмен болған сұхбатында айтты. 

Алпамыс Шаримов бір кездері Димаштың қасынан табылған жан. Өзінің продюсер емес, тек досы болғанын айтады. Бүгінде Димашпын досы емеспін, жанкүйерімін дейді өзі. 

"Қазір Димаш екеуміз араласпаймыз. Менің өз жұмысым бар, оның өз жұмысы бар. Елдің бәрі мені Димаштың продюсері болды деп ойлайды. Бірақ олай емес. Менің продюсер болуға кәсібилігім де жетпейді. Себебі Димаштың өзі -  жақсы стратег. Әкесінің өзі бір тау. Олардан асып мен продюсер бола алмаймын. Кезінде БАҚ өкілдері мені продюсер деп жазып жүрді. Мен тек оған кеңесші, дос, тілекші болдым. Қазақстан бойынша концерт ұйымдастырдық. Шетелдегі байқауларына бірге бардық. Әр жарыста жанкүйері болдым", - деді Шаримов. 

Айтуынша, Димашқа өзін жамандаған адамдардың болғанын айтады. Сол себепті досы екеуінің арасы суи бастаған болуы мүмкін. 



"Мені көпшілігі Димаштың арқасында танымалдыққа ұмтылып жүр деп ойлады. Димашқа қажетті ақпаратты менен сұрады. Жаңалықтарды мен жариялап тұрдым. Димаш туралы жаман ақпарат айтып, сол рас па дегендей сұрайтындар болды. Мен туралы Димашқа жамандады. Соның салдары Димаш екеуміздің қатынасымызға әсер етті ме деп ойлаймын. Кейіннен Қанат аға тізгінді өзі ала бастады. Кей жерлерге менсіз баратын болды. Мен солай тасада қала бастадым. Бірақ мен ол үшін өкінбеймін. Егер мен Димаштың қасында жүре берсем, отбасын да құрмас едім. Мансап қуып жүре берер едім. Өзімнің қызметім бар. Студенттерге сабақ беремін. Бұйырса шетелде білімімді жалғастырғым келеді", - деді Алпамыс. 

Қанат Айтбаев көмегі үшін алғысын айтып, Алпамысқа қомақты қаражат ұстатқаны рас. Алайда Шаримов қаражат сомасын айтудан бас тартты. 

"Қанат аға рахметін айтып, қомақты қаражат берді. Үйге, көлікке жетеді деп айта алмаймын. Жалпы сомасын айтқым келмейді. Бірақ мен Димаштың қасында жүріп ақшаның астында қалдым деп айта алмаймын. Біреудің қалтасын санағым да келмейді", - деді ол. 

Алпамыс қазір мансаптан да, өнерден де отбасын жоғары көреді. Димаш үшін әрдайым қолдаушы екенін айтады. 

"Димаш та, мен де қызуқанды адамбыз. Бір-бірімізбен келісе алмайтын кездер көп болды. Ол да эмоцияның адамы. Мүлде сөйлеспей кеткен кезіміз болды. Димаш көп әншілер сияқты емес, шынайы адам. Сахнада қалай болса, сахна сыртында да сондай. Оның отбасы ерекше. Өте тәрбиелі отбасы. Ата-әжесі де, ата-анасы да, Димаштың өзі де сондай шынайы өнегелі адамдар. Мен олар туралы жаман ешнәрсе айта алмаймын. Бір білетінім, Димаш шетелдік жұлдыздардың қатарында болады. Оның кәсібилігі сол дәрежеде. Оның қасында қазір кәсіби мамандар бар. Қанат аға бар. Димаштың жұлдызды шағы енді басталады деп ойлаймын", - деді Алпамыс. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр