Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың анасы: Димаштың өмірі маған қызық емес

Гүлзира Айдарбекова Димашпен Қайратты салыстыратын жұртқа өкпелі. Әркімнің өз несібесі бар деген продюсер екі әншіні салыстыруды қою керек деп ренжіді. Бұл ретте сын айтқан Бибігүл Төлегенованің сөзіне жауап берді. 

«Әйтеуір, мін іздеу»: Гүлзира Айдарбекова Қайраттың дауыс жоқ дегендерге жауап берді

Бұл туралы TengriTV атты парақшада жария болды.

"Қайрат Димаштай бола алмайды дейді. Кезінде Бибігүл Төлегенова Қайратты жерге, Димашты көкке теңеген еді. Оны жандандыра түскен журналистер қауымы сұрақтың астына алды. Мен Қайраттың Димаш бола алмайтынын, Димаштың Қайрат бола алмайтынын айттым. Себебі екеуі екі түрлі адам.  Екі әнші. Ешкім Қайраттай не Димаштай бола алмайды. Әркімнің өз несібесі бар. Сол сөзімді "Димаш Қайраттай бола алмайды деп шығарды. Ол дұрыс емес", - деді продюсер ханым. 

Айдарбекова өзін қаралап келген Берік Найман атты желі қолданушысын сотқа бермек. 


Бауыржан Есебаев: Қайрат Нұртас маған коттедж, джип алып берем деп алдап кетті


 

"Берік Найман деген жігітті тексереміз. Осы уақытқа дейін жала жапты. Өсек-аяң әңгімелерді жазды. Ол кезде үндеген жоқпын. Енді тыныш жатқан жыланды оятты. Үндемеуге болмайды екен. Екі әншіні бір-біріне қайраудың керегі жоқ. Бір-біріне жек көрінішті етіп көрсетудің керегі жоқ. Олар бір қазақтың баласы. Керісінше қолдап, демеу болып жүру керек", - деді Айдарбекова. 

Талқылау
Пікір
Мәке
19 Қар, 20 жыл - 12:40

Сенің өмірің жұртқа қызықпа екен? Димаш кім өзің кімсің? Димашты жер жүзі таныйды, ал өзіңді кім таныйды?