Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетологтар жүрекке пайдалы таңғы ас өнімдерін атады

АҚШ диетологтары жүрекке оңды әсер ететін таңғы ас өнімдерін атады. Бұл туралы Eat This, Not That! басылымы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мамандар таңғы асқа сұлы, көкөністен жасалған омлет, тұтас дәнді нан мен жұмыртқа, жидектер жеуге кеңес берді. 

"Сұлының құрамында болатын жасұнық ағзаны артық холестериннен тазалайды. Одан бөлек, ішектегі пайдалы бактерияларды сіңіріп, артық салмақтан арылуға септігін тигізеді. Қандағы қант мөлшерін бақылайды. Мұның барлығы жүректің жұмысына оңды әсер етеді", –  дейді диетолог Триста Бест.

Бесттің пікірінше, таңғы асқа көкөністен жасалған омлет жеген адам жұмыртқадан жеткілікті дәрежеде ағуыз бен көкөністен жасұнық алады. Алайда диетолог омлетті шұжық немесе бекон сынды ет өнімдерімен бірге даярлау жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығу ықтималдығын 42 пайызға арттыратынын ескертті. Гарвард университетінің зерттеуі мұны дәлелдеген. 



Көптеген диетологтар нанды денсаулыққа зиян өнім деп тапса, Джанет Коулман тұтас дәнді нан мен жұмыртқаны жеген адамның жүрегі мықты болатынын айтады. 

"Тұтас дәнді нан ағзадағы зиянды холестеринді шығарады, сондықтан ақ нанды сонымен алмастырған дұрыс. Жұмыртқа да Омега-3 майлы қышқылдарының есебінен холестериннің деңгейін төмендетеді",-  деді Коулман. 

Бұдан бөлек, нан мен жұмыртқа ұзақ уақытқа дейін тоқшылық сезімін сыйлайды. Соның арқасында адам көпке дейін артық ештеңе жемейді. Ал ол тағы да жүрекке пайдалы, дейді маман. 

Ал диетолог Моргин Клэр таңғы ас кезінде жидектер жеуге кеңес береді. Себебі олардың құрамында жүрекке пайдалы антиоксиданттар бар. 

 

Талқылау