Диана Исмаил: Келін болуға дайынмын, ауылға тұруға да қарсы емеспін

Жас әнші Диана Исмаил келін болуға толық дайын. Тіпті, ауылға тұруға да келіседі. Өзін қияли, шығармашыл жанмын деп таныстырған әнші алғашқы махаббаты жайлы айтып өтті. Өмірде тез ғашық болады, алайда ол ешкімге зиян тигізбейтін махаббат дейді өзі.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Талқылайық" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Диана алғашқы махаббатын еске алды. Ессіз ғашық еткен бала махаббатына сезімі жоқ қазір. Студенттік өмірде де ғашық болған жігіттер болған. Алайда қыз-жігіт болып ешкіммен кездесіп көрмепті. Мұның бәрін бүгінде күліп қана еске алады. 

"8-сынып оқып жүргенде өзімнен 3 жас үлкен жігітке ғашық болдым. Ол маған қараған жоқ. Мектеп бітірді де кетіп қалды. Менің сезімім солай өшті. Мен оған сезімім жайлы айтқан емеспін. Қазір есімін де ұмытып қалыппын. Студенттік өмірде де ғашық болдым. Бірақ қыз-жігіт болып кездесіп көрген емеспін. Уақыт оқуға, шығармашылыққа жұмсалды", - деді жас әнші. 

Диананың әлі күнге дейін бас бос. Жасы келсе де, өмірлік жары кездеспегенін айтады. Өзі келін болуға толық дайын. 


Диана Исмаил: Төреғалидің тоқалы емеспін, бірақ бәйбіше болуға дайынмын


"Мен келін болуға дайынмын. Тіпті, ауылда тұруға қарсы емеспін. Себебі бәрін үйрендім. Бәрін істей аламын", - деді ол. 

Диана отандық бірнеше байқауға қатысқан. "Қазақстан дауысы", "I am a singer" жобаларының қатысушысы болды. Алайда отандық жобаларға көңілі толмайды.

"Телевизиялық жобалардың алдын ала жеңімпаз анықтап, келісіп жасалатыны жасырын емес. Сондықтан ондай жобаға уақытымды жоғалтпай, өз шығармашылығыма көңіл бөліп жүрмін", - деді Диана.

Диана елімізде небір талантты әншілердің барын айтады, бірақ оларға қолдау жоқ дейді. Шетелді бағындырған қазақстандық әншілер елге келген соң ешкімге керексіз болып жүреді деген пікірін айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр