Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диана Исмаил: Төреғалидің тоқалы емеспін, бірақ бәйбіше болуға дайынмын

Диана Исмаилова бүгінде жеке әнші ретінде танылып жүр. Диана Төреғалимен дуэт орындаған соң көпке таныла бастағаны белгілі. Жас әнші алғаш рет ауқымды сұхбат беріп, өзі, өмірі мен шығармашылығы жайлы айтып берді. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Талқылайық" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Диана - Семей өңірінің тумасы. Үржар ауданында өмірге келген. Ата-анасы музыкант жандар, алайда өз саласында қызмет етпейді. Әкесі Диананың әнші болуына қарсы болған. Отбасында жалғыз бала. 

"Мен отбасында жалғыз баламын. Әке-шешем мені 5 жыл күткен. Әкем жалғыз қызының әнші емес, әскери адам немесе теміржол қызметкері болғанын қалады. Мен Жүргенов атындағы өнер академиясына оқуға түстім. Әкеме бұл туралы кейін айттым. Мен бала күнімнен музыкаға жақын болдым. Еркенің орындауындағы "Қайда" атты әнімді мектеп қабырғасында жүріп шығардым. Одан кейін Төреғалимен "Уәде қайда?" әнін жаздық. Мәдина Сәдуақасоваға, Мөлдір Әуелбековаға, Қайрат Нұртасқа, Гүлнұр Оразымбетоваға ән жаздым. Ең қымбат әнім 3 мың долларға сатылды. Оны Қайрат Нұртас алды", - дейді Диана. 

Әншінің айтуынша, Еркеге "Қайда" әнін сатқан соң іштей өкінген. Себебі алғашқы әнін өзгеге беру, ол балаңды біреуге берумен бірдей дейді. Кейіннен ән сатуға еті үйрене бастапты. 

"Әке-шешемді қалаға көшіріп әкелдім. Өзіме студия аштым. Ақша солай жұмсалып кетіп жатыр", - деді Диана. 

Диана Исмаил Төреғалимен бірге ән айтып, гастрольдік сапарға шыға бастаған соң танымалдығы арта түсті. Ел арасында Төреш екеуі кездесіп жүр деген қауесет тарай бастады. 

"Ел аузында Төреш екеуі жақын деген әңгіме шығып кетті. Бұл қалыпты жағдай. Бірақ Төреш екеумізді тек шығармашылық қатынас қана байланыстырады. Мен онымен аға-қарындас немесе өнер адамы секілді сөйлесемін. Жалпы отбасылы азаматпен кездесіп көрмеппін. Ондайға мүлде қарсымын, - деді әнші. 

Талқылау