Депутат кінәлі болып шықты: Алакөлге құйылған лас судың қайдан шыққаны белгілі болды
Емдік қасиеті көп Алакөлге лас судың құйылғаны желіде қызу талқыға түсіп, көпшіліктің ашуын келтірді. Судың қайдан шыққаны енді белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қонақ үй қызметкерлері адамдар шомылған бассейн суын көлге ағызып отырған. Көлге судың Ақши жақтан келгені анықталды. Қонақ үй иесі қалалық мәслихатының депутаты болып шықты.
Ол судың көлден алынатынын, көпшілік шомылған соң қайта көлге құйылатынын айтты. Ешқандай химиялық зат қосылмағандықтан, зиянсыз деп сендірді.
ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ешқандай қауіп жоқ екенін, судың кәріз суы емес, бассейн суы екенін айтты. Оқиға орнына комитеттің мамандары барып, тексеру жүргізбек.
Бұған дейін желі қолданушылары судың жағымсыз иіс екенін айтып даурыққан еді. Көлге құйылған құбыр суы жұрттың наразылығын тудырды.
Қазақстанның 5 көрікті жері ресейлік National Geographic журналына енді
Талқылау
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?
Самокатты жоғалтса, 195 000 мен 840 000 теңге аралығында айыппұл салынады