Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Депутат бола алмай қалғанын менен көрді ме?" Меруерт Түсіпбаева Аша Матайға ренішін білдірді

Меруерт Түсіпбаева / Аша Матай
Фото: Instagram.com/asha_matai / meruert_tusupbaeva

Әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында Аша Матаймен болған бір жағдайды айтып, оның амандасу әдебіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің сөзінше, бір ортада жолыққан кезде ол Аша Матайға сәлем берген. Алайда, Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, Аша оған қабағын түйіп қарап, кейін өзі отырған дастарханға жайғасқан.

“Депутат бола алмай қалғанын менен көрді ме, кім біледі?! Амандассам, Аша маған көзін алайтып бір қарап, мен отырған дастарханға жайғасты. Енді не қылайын? Қиын болды-ау”, – деп жазды ол.

Меруерт Түсіпбаева бұл жағдайды мәдениетке сай емес әрекет деп бағалап, көпшілік ортада амандасу әдебін сақтау маңызды екенін атап өтті.

“Негізі, үміткер ханымға айтпағым – сәлемді алмау нағыз мәдениетсіздік қой. Оның үстіне үлкен ортада, жан-жағымыз зиялы қауым. Мен сен үшін ұялдым”, – деді әнші.

 

Ол сондай-ақ Аша Матайдың депутаттыққа үміткер болғанын еске алып, оның қоғамдық мәселелерге қатысты белсенділігіне күмән келтірді.

“Желіде бір әлеуметтік мәселе көтермеген Аша, сені депутат қылып халқым сайлайды деп дәметіп пе едің?! Бұлай ойлау тым аңғалдық. Мен сені әзілдеп отыр деп ойладым”, – деп жазды Түсіпбаева.

Жазбасының соңында әнші этикет мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, жасы үлкен адам сәлем бергенде, жасы кіші ізет білдіріп жауап беруі керек.

Еске салайық, бұған дейін әншілер Тамара Асар мен Аша Матай депутаттыққа ұсынылғаны хабарланған еді. Оның депутаттыққа баруы әлеуметтік желіде біраз уақыт қызу талқыланды. Бір тарап өнер адамдарының саясатқа келуін сынаса, енді бірі кез келген азаматтың қоғамдық-саяси өмірге араласуға құқығы барын алға тартқан.

Кейінірек танымал тележүргізуші, “Қазақстан Халық партиясының” атынан кандидат ретінде тіркелген Аша Матай өзін ашық пікірталасқа шақырған белгілі заңгер Мейірман Шекеевтың ұсынысынан бас тартқаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 24 Қыркүйек, 2026 23:12