Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маска режимі сақталады": Денсаулық сақтау министрі карантин шараларын жеңілдету туралы айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин шараларының жеңілдетілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"11 тамыздағы жағдай бойынша, Түркістан облысын қоспағанда, аймақтардағы репродуктивті индикаторлардың көрінісі бірліктен төмен, бұл енгізілген карантиннің тиімділігі мен жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданған шаралардың оң әсерін бергенін байқатады", - дейді Цой. 

Ол карантиннің бес аптасында еліміздегі жағдайдың жақсарғанын айтып, нақты деректермен бөлісті. Карантин жеңілдетілгенімен маска режимі және әлеуметтік арақашықтықты сақтау біраз уақытқа дейін сол қалпында қалатыны туралы жеткізді министр. 


"Карантиннің бес аптасында репродуктивті коэффициент 1,15-тен 0,82-ге, ауру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 56,73-ден 36,2-ге дейін төмендеді. Денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі көрсеткіштер мен жүктемелердің жоғарыда көрсетілген оң динамикасы карантиндік шараларды кезең-кезеңімен азайту мүмкіндігін көрсетеді. Бұл карантин шараларын жұмсарту қоғамдық орындарда бетперде режимін және гигиенаны қатаң сақтаумен, сонымен қатар барлық ақпараттық арналарда халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізумен жүзеге асырылуы керек", - деді Цой үкімет отырысында.

Карантинді кезең-кезеңмен жұмсарту жөніндегі түпкілікті ұсыныс комиссияның келесі отырысында ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, Елде коронавирустан тағы 211 адам көз жұмды

Талқылау