Коронавирус тасымалдаушылары көшелерде серуендеп жүрген: Алматыда 20-дан астам адамға айыппұл салынды
Алматыда үй карантинін бұзғандарға айыппұл салынды. Симптомсыз науқастар қалада серуендегені үшін 83 мыңға жазаланып жатыр. Дәрігерлермен және полиция қызметкерлерімен сөйлескеннен кейін кейбір жұқтырғандар тіпті ауруханаға мәжбүрлеп емделуге жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазір үй карантинінде жүрген 1300-ге жуық адам бар. Біз қоңырау шалу арқылы бақылауды жүргіземіз, сондай-ақ біздің мониторингтік топтарымыз олардың үйіне барады. Егер эпидемиологиялық тергеу кезінде үй карантинінің шарттары мен талаптары бұзылған кезде одан біреудің жұқтырғаны анықталса, онда қылмыстық қудалау басталады", - деді Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
Жақында санитар дәрігерлер 200-ге жуық симптомсыз науқастардың үйіне барды. Көбісі үйде отырған, бірақ 23 адам көрсетілген мекенжайда болмады. Кейін мамандар анықтағандай, олардың барлығы серуенге шығып, сау азаматтарға қауіп төндірген. Нәтижесінде оларға айыппұл салынды.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады