Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Демімізді ұстап тұрдық": Семейліктерді депутаттардың бетпердесіз түскен суреті ашуландырды

Әлеуметтік желілерде Семей мәслихатының жаңа шақырылымы депутаттарының топтық фотосуреті талқыланып жатыр. Сурет екі нұсқада түсірілген: біреуінде депутаттар бетперде таққан, екіншісінде - тақпаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Arnapress.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Бастапқыда желі қолданушылары депутаттар мүлде маска тақпаған, оны фотошоппен жасап қойған деп ойлаған. Алайда суреттерді зерттей келе, шенеуніктердің екі кадр жасағаны анықталды: бетпердемен және бетпердесіз.

Бұл ретте ШҚО мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, аймақ тұрғындары бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті. Осыған орай желі қолданушылары наразылық білдірді.

Дау тудырған фотосуреттерге қатысты Семей қалалық мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов түсініктеме берді. 

 

Бейсенбек Ақжаловтың айтуынша, шынымен де екі сурет болған. Біріншісінде бетперде болған.

"Содан кейін адамдар маскасыз суретке түсуге ниет білдірді. Біздің арамызда (депутаттар) екі-үш білікті дәрігер бар, олар егер біз демімізді 30 секунд ұстап тұрсақ, дем алмасақ, бізді бірден суретке түсіретінін айтты. Бұл жерде ешқандай бұзушылық жоқ. Біз жүрмедік, орнымызды ауыстырмадық. Олар масканы шешіп, суретке түсіп, бірден тақты. Мен мұнда ешқандай бүлік көрген жоқпын", - деп түсіндірді Бейсенбек Ақжалов.

Қазіргі таңда фотосуреттерге қатысты жағдайды Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы зерттеп жатыр.

"Біз мәслихат хатшысына жібердік, ол жауап беруі керек. Олар бір сәтке бетпердені алып, суретке түстік дейді. Әрине, бұл дұрыс емес, қазір әлеуметтік қашықтықты сақтау керек, барлық жерде маска режимі. Біз өз тарапымыздан жұмыс істеп жатырмыз", - деді ведомство басшысы Берік Тілебалдин.

Талқылау