Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Демалыс күндерімізді осылай өткіземіз деп ойлаған жоқпыз": Украинада әйелдер жарылғыш бөтелкелер жасап жатыр

26 ақпанда Днепр саябақтарының бірінде жиналып, жарылғыш бөтелкелер жасады. Қала ешқандай шабуылға ұшырамағанымен, тұрғындар ең қиын жағдайға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп.  

“Ешқайсымыз демалыс күндерімізді осылай өткіземіз деп ойлаған жоқпыз. Бірақ біз қолдан келгенді жасап жатырмыз. Дәл қазіргі уақытта бұл бар маңызды әрекет сияқты”, – дейді мұғалім Алена.

видеодан скриншот

Осыған дейін, 24 ақпанда 1999 жылы туған қыз Пушкин алаңының жанындағы санкцияланбаған акцияда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне отты қоспа бар бөтелке лақтырғаны үшін айыпталған еді. Оған қатысты ҚР ҚК 318-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Украинадағы жертөлелерде атыс кезінде 3 нәресте дүниеге келген 


Айта кетсек, ресейліктер Украинадағы соғысқа қарсы шерулерге 24 ақпаннан бастап шығуда. Әр күн сайын олар “Соғысқа жол жоқ” деген плакаттармен алаңға жиналуда. Дегенмен митингтер рұқсат етілмегендіктен, наразы тұрғындарды жаппай полиция ұстап әкетіп жатыр. 

Талқылау