Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинадағы жертөлелерде атыс кезінде 3 нәресте дүниеге келген

Украинада бомбадан жасырынуға арналған паналарда 3 бала дүниеге келген. Бұл туралы Украина денсаулық сақтау министрі Виктор Ляшко мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

нәресте

Херсонда, бомбадан жасырынуға арналған панадағы перзентханада 2 ұл бала дүние есігін ашқан. 

"Дүниеге келген екі баланың генетикалық кодында "Соғыс" бар. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз және кешіре алмаймыз", – деді Денсаулық сақтау министрі. 



Ал 25 ақпанда Киев метросында жасырынған жүкті әйел қызды болды. Нәрестенің есімін Мия деп қойған. 

"Мия панада Киевті бомбалау кезінде дүниеге келді. Анасы қиын жағдайда босанғанына қарамастан бақытты", – деп жазды белсенді Анна Гопко. 

Айта кетейік, Қазақстанда Украина халқына көмек ретінде бір тәулікте 22 миллион теңге жиналғанын хабарлаған едік. Бұл туралы Тоғжан Қожалы мәлімдеген.

Талқылау