Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелін құда түсіп, ұзатып алды

Танымал актер Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелін ұзатып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіге актердің ұзату тойында жүрген видеосы тарады. Айта кетейік, кино жұлдызы жаңалықты жеке парақшасында сүйіншілеген еді.
“Мен үйлендім. Аллаға шүкір! Әйелімнің есімі – Жұлдыз", – деп жазды ол.
Актердің бұрынғы жұбайы, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова екі жасқа бақыт тіледі.
“Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын", – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары актердің жеке өмірін қызу талқылап жатыр.
“Ес білгелі үйленіп жүр”, “Балалары өсіп қалғанда ұят емес пе?!”, “Біз етікті бұлай тез ауыстырмайтын шығармыз”, “Несіне мәз болады”, “Қандай сұлу қызды алып жатыр?!”, “Екі әйелді бақытты ете алмаған адам үшіншісін де қатырады деп ойламаймыз”, – деп жазды көпшілік.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"