Дастан Сатпаев "Қайрат" футбол клубының ең адал жанкүйерін туған күнімен құттықтады

"Қайрат" футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев клуб жанкүйері Дмитрий Чекаевты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде әр футбол матчынан қалмайтын, "Қайрат" футбол клубының жанкүйері Дмитрий Чекаевты футбол сүйер қауым жақсы біледі. Ол 15 жасынан бері “Қайратқа” жанкүйер. Ол туған күніне ерекше сыйлық жасалғанын желіде бөлісті.
Оқыңыз“Бұл туған күн есте қаларлықтай болады! "Қайрат" футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтан құттықтаулар мен керемет сыйлықтар алу бақыты бұйырды. 10-нөмірлі сары-қара жейде, жеке құттықтау және қолтаңба! Мерекелік торт, тәттілер, ақша салынған конверт және уақыт бөлгеніңіз үшін ерекше алғыс. Адал жанкүйер үшін мұндай әрекет өте бағалы. Дастан, шынайылығыңыз, жылы сөздеріңіз және осы таңғажайып тосынсыйыңыз үшін рақмет! Алаңда тағы да керемет жеңістер күтеміз!”, – деді Чекаев.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады