Дастан Сәтпаев "Қайрат" сапындағы соңғы ойынында дубль жасады

Алматылық “Қайрат” Қазақстан Премьер-лигасының матчында петропавлдық “Қызылжарды” 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Жеңімпаз команда сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев дубль авторы атанды. Ол қарсылас қақпасын 59 және 87-минуттарда дәл көздеді. 17 жастағы футболшы үшін бұл “Қайрат” сапындағы соңғы матч болды. Енді Сәтпаев келісімшарт жасасқан ағылшынның “Челси” клубына аттанады.
Алматылық клубтың тағы бір голын қазақстандық шабуылшы Исмаил Бекболат соқты. Ол 85-минутта мергендігімен көзге түсті.
Бұл жеңістен кейін “Қайрат” 30 ұпай жинап, турнир кестесіндегі екінші орнын сақтап қалды. Ал “Қызылжар” 15 ұпаймен Қазақстан премьер-лигасының турнирлік кестесінде оныншы орында тұр.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған
Оқыңыз