"Дәрумен емес, қауіпті": Депутат биологиялық белсенді қоспалардың салдарынан қазақстандықтарда аурулар асқынып кеткенін мәлімдеді

Мәжіліс отырысында депутат Гүлдара Нұрым Қазақстанда биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) нарығы бақылаусыз қалып отырғанын көтерді. Айтуынша, соның кесірінен азаматтар өз бетінше емделіп, ауруларды асқындыруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттың айтуынша, ең өзекті мәселелердің бірі – ем ретінде сатылып жүрген биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) дәрі-дәрмектің орнын баса бастауы. Қазір елде тиімділігі дәлелденбеген өнімдер ем ретінде еркін ұсынылатын бақылаусыз нарық қалыптасқан. Бұл халық денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.
"Бұл жағдай аурулардың асқынуына әкеледі. Соның ішінде онкологиялық дерттер де бар. Көп жағдайда сырқат кеш анықталып, асқынып кетеді. “Бар ауруды емдейді”, “иммунитетті көтереді”, “ағзаны тазартады” деген сияқты уәделер жиі айтылады. Бірақ ББҚ – жай ғана дәрумен емес, олардың көбі нақты қауіп төндіреді. Әсіресе бақылаусыз қабылданса. Бұл денсаулықпен ойнағанмен тең", – деді депутат Гүлдара Нұрым.
Оның айтуынша, ББҚ дәрі-дәрмектер сияқты қатаң тексерістен өтпейді. Ал оларды шамадан тыс қолдану бауыр мен бүйрекке зақым келтіріп, басқа да ауыр асқынуларға себеп болуы мүмкін.
ОқыңызОсыған байланысты депутат бірқатар ұсыныс жасады:
- барлық ББҚ-ның тізілімін жасап, құрамын және ғылыми негізін ашық көрсету;
- әлеуметтік желілерде ББҚ-ны агрессивті және жалған жарнамалауды қатаң бақылау, оларды дәрі ретінде сатуға тыйым салу;
- емханалардағы кезекті азайту арқылы халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты