Дәрігерлер әйелді босандыру кезінде нәрестенің басын жұлып алды

Бразилияда бірнеше күн бұрын жан түршігерлік оқиға болды. Дәрігерлер жүкті әйелді босандырып жатқан кезде абайсызда жаңа туған нәрестенің басын жұлып алды.

беременная

26 жастағы босанған әйел ауруханаға жүктіліктің сегізінші айында келген. Құрсақтағы ұрықтың дамуындағы проблемаларға байланысты әйелге кесар тілігі жасалуы керек болған. Алайда перзентханада дәрігерлер ота жасаудан бас тартып, науқасты табиғи босануға жіберген. Нәтижесінде процесс жоспар бойынша жүрмеді: нәресте анасынан шықпай қойған, содан кейін дәрігерлердің бірі баланы алуға күш салған. Осы кезде баланың басы денеден бөлініп, еденге құлаған.

Әйелге тыныштандыратын дәрі егіліп, сәбидің қалған денесін алу үшін ота жасалған. Қазір сәбиінен айырылған ана шок күйде. Ол баласының өлімі туралы біледі, бірақ нәрестенің қазасына не себеп болғанын оған айтпаған. Босану кезінде әйелмен бірге болған құрбысы дәрігерлерге оның табиғи жолмен босана алмайтынын бірнеше рет ескерткенін айтты. Сонымен қатар, дәрігерлердің бірі нәрестенің жатырда шетінегенін мәлімдеді, ал басқалары сәбидің жүрегі соғып тұрғанын айтады.

Бұл оқиға штат губернаторы Гельдер Барбалоның да назарын аудартты. Ол  "Твиттер" парақшасында жергілікті полицияға оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастауға және жан түршігерлік трагедияға кінәлілерді анықтауға тапсырма бергенін айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр