Дәрігер тіс күтімі кезінде жіберілетін қателіктерді тізіп шықты

Дәрігер үй жағдайында тіс күтімі кезінде адамдар жиі жіберетін қателіктерді атады. Бұл туралы Stan.kz ақпаратт агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маманның айтуынша, ең жиі кездесетін қателіктің бірі – тамақтан кейін бірден тісті тазалау. Себебі бұл тіс эмаліне зиян келтіруі мүмкін. Оның орнына дәрігер тамақтан кейін ауызды сумен шайып, тағам қалдықтарын тіс жібімен тазартуға кеңес береді. Ал тісті кемінде 30 минут өткен соң жуған дұрыс, дейді.
Тағы бір қателік – тісті тым қысқа уақыт тазалау. Стоматологтың сөзінше, күніне бір рет небәрі 30 секунд тіс тазалап, кейін тек ауыз шайғышпен шектелу – тістердің біртіндеп бұзылуына әкелетін әдет.
Сонымен қатар дәрігер ирригаторды немесе ауыз шайғышты тіс жібі мен тісаралық щетканың орнына қолдануға болмайтынын ескертті.
Бұдан бөлек, стоматолог тісті ағартуға шамадан тыс әуестеніп, “лезде ағартатын” түрлі ғажайып тіс пасталарын қолданудан сақ болды сұрады. Оның айтуынша, мұндай өнімдер тісті шын мәнінде ағартпайды. Керісінше, пигментті қақты қатты ысқылап кетіреді, сонымен бірге тіс эмалін де жұқартады.
Вероника Сидоркович тіс тазалау кезінде қызыл иектің қанайтынын елемеуге болмайтынын айтты.
“Егер тіс тазалаған кезде қызыл иек қанаса, бұл оның әлсіздігін емес, қабынғанын білдіреді. Сондықтан мұндай жерді айналып өтпей, керісінше, мұқият әрі ұқыпты тазалау қажет. Өйткені қабынуды тудыратын бактериялық қақ толық тазартылуы тиіс”, – деді дәрігер.
Айта кетейік, бұған дейін 22 жастағы әйел дәрумен тапшылығынан барлық тісінен айырылғаны туралы жазған едік.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты
Оқыңыз