Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қант диабеті бар адамдар оразада қандай тағам жеуі керек - Дәрігер айтты

Үндістандық эндокринолог Д.Моди рамазан айында ораза ұстаған қант диабеті бар жандарға ауызашар кезіндегі дұрыс тамақтану кеңестерін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы жылдың 2 сәуіріне сәйкес келетін рамазан айында мұсылмандар күн батқанға дейін барлық тағамнан бас тартып ауыз бекітеді. Бұл ереже әсіресе қант диабетімен ауыратын адамдар үшін қиындау. Модидің айтуынша, қандағы қант деңгейінің қауіпті ауытқуын болдырмау үшін олар арнайы диетаны ұстануы керек.

"Ифтар (ауызашар) кезінде дұрыс тамақтану өте маңызды. Кешкі ас құнарлы және пайдалы болуы керек. Бірақ аз мөлшерде", –  деп түсіндіреді маман. Ол ас мәзіріне көкөністерді, жемістерді, бұршақтарды және сүзбені қосуды ұсынды. Диабеті бар жандарға майға қуырылған, тәтті тағамдарды жеуге болмайды. Тәтті жеміс шырындары мен газдалған сусындар бұл кезеңде өте зиян екенін айта кетті. 

Бұған дейін диетолог Александр Андреев ораза кезінде етті алмастыратын және ағзаға маңызды дәрумендер мен микроэлементтер беретін өнімдерді атады. Ол сұлы, арпа, қара бидай, жүгері және қарақұмық сияқты дәнді дақылдармен, көкөніс пен бұршақ сорпаларымен ораза мәзірін әртараптандыруды ұсынды.

Талқылау