Дәрігер өлімге әкелетін аурулардың қай жаста жиі болатынын айтты
Өлімге әкелетін аурулардың жиі кездесетін жасы – 63 жас. Мұндай мәліметтерді ортопед дәрігер Райт Вонда "Бас директордың күнделігі" подкастында жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Дәрігер Райттың пікірінше, орташа статистикада адам зейнетке шыққанда жиі кездесетін қауіпті аурулар қатарына өкпе обыры, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, сүт безі немесе қуықасты безі обыры жатады.
Дегенмен дәрігер адамның дәл осы жаста ауруға шалдыққаны міндетті емес деп есептейді. Керісінше, аурудың пайда болуы бұрыннан бар болуы мүмкін.
Маманның айтуынша, ауруға әкелетін себептер он жылдар бойы байқалмауы да ықтимал.
Райттың осындай жағдайлардың алдын алудың бір ғана тиімді жолы – жиі медициналық тексерістен өтіп тұру екенін айтты.
"40 жас – денсаулықты қалыпқа келтіру үшін маңызды жас. Егер сіз 63 жаста мұны шешсеңіз, бұл сізге әлдеқайда қиын болады", – деді дәрігер.
Еске салайық, бұған дейін диетолог Алексей Кабанов өмір жасын ұзартатын тағамдарды атады. Күн сайын өсімдік майы қосылған көкөніс салаты, құс еті және балық жеуге тырысу қажет дейді маман. Оның айтуынша, десертке шырын мен тәтті тағамдардың орнына жемістерді тұтыну керек.