Дәрігер кондиционердегі түрлі инфекция мен вирустың адамға қалай әсер ететінін айтты
Терапевт және кардиолог Наталья Корягина кондиционерден шыққан суық ауаның адам ағзасына қандай жағдайда зиян тигізетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik
Маманның айтуынша салқындатқыштан шыққан суық ауаның өзі ауру тудырмайды. Алайда кейбір жағдайларда ол кері әсер етуі мүмкін.
Дәрігер жабық, желдетілмеген бөлмеде кондиционер вирустар таратып, ауаны құрғататынын алға тартты.
“Егер бөлмеде ылғалдылық төмен болса, онда кондиционер қосылған кезде адамның мұрын шырышты қабығы кеуіп кетеді. Бұл оны вирустарды тез қабылдайтын жағдайға жеткізеді”, – деп түсіндірді дәрігер.
Корягина сонымен қатар егер салқындатқыштағы сүзгілер сирек тазаланса, онда бұл жерлерде түрлі вирустар мен бактериялар көбейетінін алға тартты. Олар әртүрлі инфекциялардың көзі болатынын ескертті.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған