Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер Комаровский ресейліктерге: Мен көмектескен мыңдаған бала қазір менің елімді нысанаға алды

Атақты украиналық дәрігер Евгений Комаровский ресейліктерге арнап әсерлі жазба жариялады. Ол орыс халқын соғысты тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дәрігер қазіргі уақытта отбасымен Харьков қаласында екенін жазды. Комаровский кешелі бері эфирге шығуға тырысып жатқанын, алайда байланыстың нашарлауына байланысты бұл талпынысы сәтсіз болғанын атап өтті. 

"Мұнда Украинада барлығы бәрін түсініп отыр. Сенбейді, сенгісі келмейді. Мұны ақылға сыйдыра алмады. Бірақ басталғанына (авт. соғыстың) 7 сағат болды, қабылдады", – деген дәрігер келесі сөздерін Ресей халқына арнайтынын айтты. 

"Сіздер ондаған миллионсыздар. Менің кітаптарымды оқып, бағдарламаларымды көретін, осы 40 жыл ішінде мен көмектескен, балаларын емдеп, ата-аналарының сұрақтарына жауап берген ондаған миллион адам. Қазір сіздер сау етіп өсірген мыңдаған балалар менің елімді нысанаға көздеп, шүріппені басып өлуде, өле береді де. 
Сіздер де біз сияқты экран алдында қорқып отырсыздар. Бірақ сіздер тым болмағанда осыны тоқтата аласыздар", – деді Комаровский. 

Дәрігер қазіргі сәтте екі елдің болашағы шешіліп жатқанын ескертті. 



"Өз балаларыңызды бермеңіздер, менікін де алмаңыздар. Көшеге шығыңыздар, қазір сіз бен біздің мемлекеттің болашағы шешілуде.
Олар, осы балалар бүгін өз өмірлерін беріп, біздікін алуға келді. Бүгін таңғы 5-те зеңбіректің даусынан ояндым. Соғыс. Бауырлық махаббат. Денафикация. Бұл енді синонимдер", – деп қосты Комаровский.

Дәрігер шет мемлекеттерден толассыз хат алып жатқанын айтып, еліне қолдау білдіргендерге алғыс білдірді. Олардың қатарында 300-ге жуық хат Ресейден, қалғаны Өзбекстан, Қазақстан, Израиль, Нидерланды, АҚШ, Ұлыбритания, Қырғызстан, Канада, Польша, Италия елдерінен келгенін айтты.

"Өтінемін, ояныңыздар", – деп аяқтады жазбасын дәрігер.

Талқылау