Дәрігер аяқты айқастырып отыру қауіпті екенін айтты
Ресейлік хирург-флеболог Армен Авакян аяқты бір-біріне айқастырып отыру денсаулыққа қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ura.ru порталына берген сұхбатында маман мұндай әдет омыртқаның қисаюы және бел ауруларына, аяқтың ісуі мен варикоз тамырларының үлкеюіне әкелетінін айтты.
“Аяқты бір-біріне айқастырып отыруға болмайды, өйткені омыртқа қисайып, адам бүкірейіп жүретін болады. Омыртқаның осі ығысады да, арқа бұлшықеттеріне салмақ түсіп, ауыра бастайды», – дейді ол.
Сөзінше, бұл дағды омыртқааралық дискілерге шамадан тыс қысым жасайды және олардың тозуына ықпал етеді. Өз кезегінде ол арқадағы созылмалы ауруларды тудырады дейді дәрігер.
Авакянның айтуынша, үнемі осындай қалыпта отыру жалпы денсаулықтың нашарлауына және ортопедиялық аурулардың асқынуына әкеледі.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды