Дариға Назарбаева отставкадан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты
Сенаттың бұрынғы төрағасы Дариға Назарбаева қызметінен кеткеннен кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дариға Назарбаева "Қазақстан жастарының конгрессі" жастар қауымдастығының мүшелерімен жиналыс өткізді.
Айта кетейік, Дариға Назарбаева - аталған қоғамдастықтың төрайымы.
4 сағатқа созылған жиналыста сенаттың экс-спикеріне "Қазақстан жастарының конгрессі" тарапынан жүзеге асырылған және 2020 жылға жоспарланған түрлі жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, "Жасыл ел" бағдарламасын одан әрі дамытуға арналған, әлеуметтік "Kasipker ana", "Stud лига" республикалық студенттер қозғалысы, "Qaz Woman" Қазақстанның бастамашыл әйелдер қауымдастығы ұсынған және т.б жобалар қатысушылар таныстырылды.
Еске салайық, мамыр айының басында Дариға Назарбаеваның өкілеті тоқтатылған болатын. Одан кейін Мәулен Әшімбаев сенат төрағасы болып тағайындалды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"